ЖАЗҒЫ МЕКТЕП

Қазақстанда 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 26 мамыр мен 19 маусым аралығында оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін барлық білім беру ұйымдарында жазғы мектептер ұйымдастырылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның аппарат мәжілісінде мәлімдеді.

Оқушылар жазғы мектепке ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініштері бойынша қабылданады. Жазғы мектепте білім алу – тегін.

Жазғы мектепте сабақтар санитарлық талаптарға сай өткізіледі. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді. Мектепке еркін киініп келе алады.

Алматы облысы білім басқармасының

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі.